jasqazaq.kz

Оңғар Қабден: «Голубойлар» байқауы өтіпті». Мынау кешегі батырлардың ұрпағы ма? (Видео)

05 ақпан 2024, 14:25

Өткенде ата-аналар ЛГБТ-ны насихаттайтын сайтты жабуды талап етіп, петиция жариялағанын жазғанбыз. Әлі күнге дейін еш нәтиже жоқ. Сайт сол бұрынғысынша жұмыс істеп тұр.

Үндемеген соң тайраңдай түсе ме дейсің. Танымал блогер Оңғар Қабден Алматыда ЛГБТ өкілдерінің «көгілдірлер» байқауы өткізілгенін айтып, дабыл қақты. Ол өзінің Фейсбук парақшасында: «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны» деген байқауларды білетін шығарсыздар. Талайына таныстыру да жаздық. Кеше Алматыда «голубойлар» байқауы өтіпті.

Мынау кешегі Ұлы Дала батырларының ұрпақтары ма? Алматыда жер сілкінсе сілкінгендей екен. Не мынау?
Өткенде ЛГБТ-ға қарсылық петициясын жариялап еді. Соны қоғам болып қолдайтын сәт келді ғой деймін. Ана айқайлап шулап, қолдап отырғандарда да ми жоқ!

Мұндайларды қит етсе ауру деп ақтайтындарға айтарым, ендеше, осыларға арнап жындыхана сияқты жеке ғимарат соғайық. Сонда апарып жатқызайық», — деп жазды.

«Ұлы дала батырлары» демекші, өткен аптада zonakz.kz сайтында шыққан Жәнібек Сүлеевпен сұхбат «қазақ батырлары ішінде гейлер болған ба» деген мәселеге арналды. Сүлеев айтқан ұзын-сонар әңгіменің тоқетері мынау: «Батыр ең алдымен көшбасшы, егер ол «көгілдір» болса, оған кім бағынар еді?». Журналист Владислав Юрицын әлгі сауалды аспаннан алған жоқ. Ол да біз жоғарыда айтып өткен сайтқа сілтеді. «Қазақтың батырлары бұрын гей болған, Ресейге қосылғаннан кейін тыйым салынған. Енді соған қайта оралу керек» деген жазбаны оқып, жауабын Жәнібек Сүлеевтен сұрады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі