jasqazaq.kz

«Өнерлі өлке»: Кентаулықтар Түркістанда 1 тонна бауырсақ таратты

11 қыркүйек 2024, 19:06

Тарихы бай, тағлымы терең Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері басталды.
Бүгін Этноауылда ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдар насихатталып, «Қаратау тәжі» ұлттық аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы көрмесі және шеберлік сағаттары көпшіліктің көзайымына айналса, «Қаратау жауһарлары» өлке тарихынан сыр шертетін көрме және фотоаймақ келген қонақтарға таныстырылды.
Одан бөлек, жастар сауық-сайран құрып «Алтыбақан» ойынын көрсетсе, жас ақындар айтыс өнерінен сынға түсті. Кентау қаласының халықтық атағы бар «Шапалақ» театры «Аңых астары» атты көріністер көрсетіп елдің ыстық-ықыласына бөленді. Кентау қаласынан шыққан қала мақтаныштарының «Аңыз адам» көрмесі мен «Дәстүрлер даналығы» ұрпақ тәрбиесіне терең мән берілетін салт-дәстүрлеріміздің ерекше түрлерінен қойылымдар көрерменге жол тартты.
Түркістан төрінде осылайша ашық аспан астында мәдени шараны барынша жан-жақты көрерменге ұсынған кентаулықтар «БауырсақFest» ұйымдастырып келген қонақтарға бір тонна бауырсақ таратты.
Айте кетейік, Кентау қаласының мәдени күндері 12 қыркүйекте сағат 10:00-ден ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ұлттық ойындар, батпырауық ұшырудан сайыс басталады. Кешке танымал жарық жұлдыздары АқботаНұр Сейтмаханбетова, Kayl Рух лақап атымен танымал жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Кештің көркін ашатын жүргізушілер — Түркістан театрының мықты майталмандары Ақсұлтан Әнуарбек, Гүлзада Айтбаева.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде