jasqazaq.kz

Өнерге қанат қаққан Жұлдызай

18 қыркүйек 2025, 16:04

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәрісте тәжірибесін шыңдап, шағын хабар, ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді.
Курсқа қатысушы Захра Маханова дарынды жас Жұлдызай Мұратбек туралы жазбасын ұсынды.


Өнер – жүректен шыққан шынайы сезім мен шабыттың жемісі. Бұл қасиет екінің біріне беріле бермейді. Ал осындай ерекше қабілетке ие жандардың бірі –Жұлдызай Қуанышбекқызы Мұратбек. Ол 2011 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келді. Бала кезінен-ақ өнерге деген құштарлығы айқын байқалды. Бар-жоғы төрт жасында-ақ қылқалам мен бояуға қызығып, ақ қағазға өз қиялындағы көріністерді түсіре бастады. Сол шақта ән өнеріне деген сүйіспеншілігі оянып, алғашқы рет көпшілік алдында ән салды.
2015 жылы Жұлдызай Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында алғаш рет сахнаға шығып, өзінің әншілік өнерінің тұсауын кесті. Ол кезде оның талантына дәстүрлі әнші — Бауыржан Құмарбеков, белгілі күйші — Талап Қараш, кітапхананың «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі — Әбетхан Тоқтаған және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары куә болып, өнер жолындағы алғашқы қадамына ақ батасын берген еді.
Жас талант жылдар өте келе ән салудан басқа, сурет өнеріне шын беріле түсті. Ол тек сурет салып қана қоймай, әр туындысына ерекше мағына мен сезім дарытуды үйренді. Шабыты мен табандылығының арқасында түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иелене бастады. Бүгінде Жұлдызай – 8-сынып оқушысы, бірақ жасы үлкен шеберлермен тең дәрежеде өнер көрсетіп, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді.
Оның жетістіктері – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Ол мектеп ішіндегі жарыстардан бастап, аудандық, қалалық сайыстарда да жүлделі орындарды иеленіп, үлкен белестерді бағындырды. Көптеген байқаулардан сүрінбей өтіп, ақыры республикалық деңгейдегі жарыстарда бас жүлдеге ие болды. Әр жарыста оның шеберлігі шыңдалып, тәжірибесі молая түсті.
Қазіргі таңда Жұлдызайдың туындылары тек байқауларда ғана емес, өнерсүйер қауымға да ұсынылып, сатылымға қойылды. Бұл – оның шығармашылығының үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Оның әрбір картинасы өмірдің бір бөлшегін бейнелеп, көрерменді терең ойға жетелейді.
Жұлдызай – өнер көгінде жарқырай түскен жас талант. Оның алдында әлі де талай асулар мен биік белестер бар. Талант пен еңбекті қатар ұштастырған бұл дарынды қыздың болашағы жарқын, армандары асқақ екеніне күмән жоқ!

Захра Маханова,
курсқа қатысушы

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті