jasqazaq.kz

Өмірін кітапханаға арнаған еңбек адамы

29 қыркүйек 2024, 20:22

Бүгінде адалдықтың ақ жүгін арқалаған, қоғамның дамуына, жастардың білімді болып қалыптасуына өз үлесін қосқан кітапханашылардың бірі — сарыағаштық Гүлсара Көбенова. Кітапханаға жаны құмар жан еңбек жолын 1973 жылы Құркелес ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастаған. Қырық жылын ауылдық кітапхананың өсіп-өркендеуіне арнаған Гүлсара апамыз 2012 жылы абыроймен зейнетке шыққан. Өз ісінің маманы қызмет жолында ауыл әкімдерімен, зиялы қауым өкілдерімен де тығыз жұмыс істеген. Өз ісіне адал еңбекқор жан 2 рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Өз ісінің майталманы атанған кейіпкеріміздің ұлы Өміржан Қарабасов та ана жолын қуып, өмірін кітапханашылыққа арнаған. Кітапханашылар сан түрлі кітапты күтіп-баптап ғана қоймай, көңіліне тоқып, сол алған білімін оқырмандарға ұсынып, жеткізетін мамандық иелері. Бүгінде Өміржан Рахымқұлұлының жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, оқуға көз-қарасын оятып, қызығушылығын арттыруға, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсетуде беделді қызметтер атқарып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі