jasqazaq.kz

Өмірім де өзгерді, көзқарасым да өзгерді

22 қыркүйек 2023, 14:18
Optimizm.kz

Optimizm.kz

Ninety one тобының мүшесі Дулат пен әйелі Жадыра Абдулжаппарова ара-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.
Дулаттың айтуынша, романтикаға жоғын айтты, алайда ол алғаш болып сезімін білдірген. Ал сүйіктісіне алғаш сыйлаған сыйлығы — мольберт.
«Дулат (ZAQ — еск.) ақылды. Көбіне мен тұрмыстық жағдайды ойласам, ол екеуміздің рухани дамуымызды ойлайды. Кейде сезімтал, бір сөзбен күшті адам», — деді Жадыра.
ZAQ көп жағдайда сезімін білдіре алмайтынын, соның кесірінен кейде түсініспеушілік болатынын айтты.
Жүргізушінің сөзінше, олар 5 жыл бұрын «Су асты» клипінде танысқан. Ал әнші бір көргеннен ғашық болғанын айтты.
«Өмірім өзгерді, көзқарасым өзгерді. Бірінші рет көргенде, ерекше екені көрініп тұрды. Бір көргеннен ғашық болдым. Оны түсіну үшін аса бір сөйлесіп те қажет емес болды.
…Турымыз басталды. Турда әңгімелесіп, сөйлесе бастадық. «Баяу» бейнебаянның түсірілімінде екеуміз жалғыз қалып, сөйлесіп қалдық», — дейді әнші.
«Танысқан кезде ештеңе сезбедім. Өйткені ұяламын. Менің «макияж жасағанда көзге тіке қарамау» деген ережем болды. Ол кезде бәрінен ұялдым. …Ол менен кіші, інімдей қабылдадым. Ең басында жігіт ретінде қарамадым. Ұзақ жол кезінде әңгімелестік», — деді.
«…Турне кезінде түсіндім. Олармен жұмыс істегеніме 4 ай болды. Бір қаладан екінші қалаға барғанда, ұзақ жол болды. Отырып, әңгіме айттық. Әдейі болды ма немесе кездейсоқ па, білмеймін. Мен әдетте жалғыз отыратын едім. Бала ауысуымды сұрады. Ол жалғыз отырғысы келді. Мен оның қасына отырдым, түні бойы әңгіме айттық. Бірдей ойлайтынымызды түсіндім…», — деді Жадыра.

Бүгін, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Бүгін, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее