jasqazaq.kz

Омар Жәлел: Той ақша жинаудың бір түріне айналды

21 мамыр 2024, 17:12

Белгілі абайтанушы Омар Жәлелұлы Қазақстандағы той жасау дәстүрі бизнеске айналып кеткенін айтып, қазақы менталитет туралы пікір-пайымын жеткізді. Оның айтуынша, бұрын тойды тек байлар жасаса, ал қазіргі тойлар ақша жинаудың бір түріне айналып кеткен. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты жазды.

“Қытайларда той жасау секілді әдет жоқ, өмір бойы жұмыс істейді. Қазақтар секілді кез келген қуанышқа арнап жасайтын тойлар Түркияда да жоқ. Бұл қазақтардың халық ретінде бос уақыты көп, өз ісі мен кәсібі жоқтығын аңғартады. Жеке кәсіппен айналысатын қазақтар аста-төк тойлардан бас тартып жатады. Ал Қазақстан жағдайында кәсібі жоқ, тұрақты жұмысы жоқ адам өзін жұбату үшін той жасай береді” – дейді Омар Жәлелұлы.

Сондай-ақ, ол көршілес Өзбекстанның тойларынан мысал келтіреді.

“Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы”, – дейді ғалым.

Ғалым Қазақстанда аптаның жеті күнінде де өте беретін тойларды сынға алып, ақылды адамдардың тойға бармайтынын айтты.

Фото:instagram.com/omarjaleluly_official_page
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі