jasqazaq.kz

Омар Жәлел: Енді немене, билеуге де болмай ма?! (Видео)

31 шiлде 2023, 14:01

Белгілі ғалым, қазақтың «бас биі болып сайланған» Омар Жәлел қыз-келіншектердің ортасында билеп, көпшіліктің сынына ұшырады. Ғалымның беріліп билеп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті.

Алайда Омар Жәлелдің өзі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Кеше менің билегенімді Мансұр деген жігіт бар сол Tik Tok желісіне салып қойыпты. Бүкіл желі «Бас биіміздің түрін қара» деп шулап жатыр. “Мынаны Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Төле би көрсе жүрегі жарылып өлер еді” деп жазыпты. Сонда адамға билеуге болмайды ма? Конституцияда, салт-дәстүрімізде билеуге тыйым салынбаған. Мысалы, атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақта бұрын сал-серілердің бәрі билеген. “Аққу” биі, “Бүркіт” биі деген билер болған. Қытайдың қазақтары әлі күнге дейін басына стақан қойып, су құйып “Аққу”, “Бүркіт” биін билеген. Біз қазір өзіміздің надандығымызбен биді жоққа шығарып отырмыз. Негізі би деген сенің Құдаймен байланысқа шығуың”, – дейді Омар Жәлел.

Алайда, ғалымның ел алдында берген түсініктемесі желі қолданушыларын қанағаттандырмады.

“Ұят-ай, аға”, “Сіздің тұлғалық болмысыңызға бұндай терлеп тепшіп әйелдермен есіңіз кеткенше далақтау өте ұят”, “Абай мен Шәкәрім көрсе жүзіңізге түкіріп кетер”, “Қазақтың бас биінің сиқы мынандай болса, жәй халық жайлы сөз айтуғада ұят”, “Алжытамын десе әп сәтте екен ғой”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанат Қожамжаров | Сюцай ғылымы (@zhanat.resmi)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі