jasqazaq.kz

Олжас Бектеновтың басқарушылық тәжірибесі ел экономикасын нығайтуға бағытталады

06 ақпан 2024, 16:44

Бүгін Премьер-Министр болып тағайындалған Олжас Бектеновтың ең алдымен басқарушылық тәжірибесі мол екенін айту керек. Ол үшін бүкіл өмірбаянына тоқталмай-ақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары,

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарғанын айтсақ та жеткілікті. Премьер-Министр болып тағайындалғанға дейін Президент әкімшілігінің басшысы болды.
Сондықтан таңдаудың дәл Бектеновке түсуі бекер емес. Бүгінгі күні ел экономикасын тұралатпай, өрге сүйреу үшін мықты басқарушы керек.

Премьер-Министрдің Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінен бұл міндетті атқаруға дайын екені байқалды. «Атқарушы билікке батыл шешімдерді қолға алу керектігін» айтқан Үкімет басшысы: «Елімізге жаңа экономикалық серпін беру қажет. Ол үшін шын мәнінде шұғыл әрі батыл шешімдер қабылдауға тура келеді. Отандық өндірісті ынталандыру бағытында шаралар қабылдаймыз, өйткені отандық өндірістің үлесңн ұлғайту қажет. «Оффтейк-келісімдер жүйесін іске қосамыз», — деді.
Үкіметтің міндеті – отандық бизнеске қолдау көрсету. Сонымен бірге ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық беріледі.

«Су ресурстары, энергия үнемдеуді қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс істейміз. Көлік жүйелерін дамытып, жасанды инттелкт пен жаңа технологиялардың мүмкіндігін пайдалану аясын кеңейтеміз. Заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын қолға аламыз», — деді Олжас Бектенов.

Қысқасы, жаңа Үкімет ел игілігі үшін жұмыс істеуге дайын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі