jasqazaq.kz

Олжас Бектенов жол бойындағы сервисті жақсарту міндетін қойды

08 сәуiр 2025, 14:19

Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов жол бойындағы сервисті жақсарту міндетін қойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көлік, сауда, ұлттық экономика, туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын. Күре жолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету станциялары қабылданған стандарттарға сай болуы керек.
Сондай-ақ осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл ретте туристердің қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылсын. Бүкіл инфрақұрылымға – әуежайлардан бастап қонақ үйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарына дейін – қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан ревизия жүргізілуі қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар туризм, сәдениет, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері, арнаулы мемлекеттік органдар алдына ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды өткізу кезінде барынша жәрдем көрсету міндеті қойылды.
«Оларды ұйымдастыру мен өткізу деңгейі экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, еліміздің имиджін нығайтып, инвесторлар мен туристер үшін тартымдылықты арттыра түседі»,
— деп атап өтті Премьер-министр.

JQ-Aqparat

Фото: primeminister.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі