jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Әкімдіктер қайда?

09 шiлде 2024, 12:11

Бүгін Үкімет отырысында  Премьер-министр Олжас Бектенов жолдардың жағдайына қатысты айтылып жатқан арыз-шағымдар азаймай отырғанын және олардың негізгі бөлігі жергілікті жолдарға қатысты екенін айтты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғындары Жұрын мен Қаракөл ауылдарының арасында биыл төселген асфальттың сапасын көрсетті – жаңадан төселген асфальт қолмен үгітіліп жатыр. Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоянкөз ауылының тұрғындары асфальт төсеу технологиясын сақтамаған мердігер компанияны өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті. Әкімдіктер қайда, неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр? Бірінші кезекте тұрғындардың шағымдарына дер кезінде назар аудару керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Көлік министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қолданыстағы жол-құрылысы жобаларының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуі керек деп атап өтті.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі