jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: ТЖМ елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізуі керек

05 наурыз 2024, 11:04

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақытылы іске қосылғанын атап өтті.

«Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік және басқа да мемлекеттік органдар болған жағдайға қатысты шұғыл әрекет ете білді. Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақтылы іске қосылды. Қала халқы қабылдау пунктеріне эвакуацияланды. Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», — деді Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуді де тапсырды.

«Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі