jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен

18 наурыз 2024, 14:17

Премьер-Министр Олжас Бектенов «Шелл плс» концернінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын талқыланды.
Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша мұнай мен конденсат өндіруді жылына кемінде 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру қажет. Осы мақсатта тараптар шикі газды кері айдаудың қосымша компрессорларын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етеді. Жобаның толыққанды қызметін қамтамасыз етуге акционерлердің есебінен Қарашығанақтағы қуаты жылына 4 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына ерекше назар аударылды. Өткен жылы мұнай өндіру 18,77 млн тонна, газ өндіру 11,86 млрд текше метр, газды қабатқа кері айдау 5,83 млрд текше метрді құрады. Кен орнын толық игеру үшін Қашағанда газ өңдеу зауытын салу мәселесі де пысықталуда.

Премьер-Министр жобаларды іске асыру шеңберінде, оның ішінде еліміз аумағында жоқ өндірістерді оқшаулау арқылы қазақстандық қамтуды арттырудың басымдығын атап өтті.

«Бүгінде жоба операторларының жұмысындағы жергілікті қамту үлесі қолайлы деңгейде, ал тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі әлі де өте төмен. Бұл өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен тығыз қарым-қатынасты қажет етеді», — деді Үкімет басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетін растады. Сондай-ақ жақын арада ішкі нарықта тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту мақсатында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы қайта қаралады.

Кездесуге қатысушылар «Шелл» компаниясының еліміздегі әлеуметтік және білім беру жобаларының оң әсерін атап өтті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі