jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Президенттің экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасы міндетті түрде орындалады

30 қазан 2024, 12:43

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов Үкіметтің басшысына 2029 жылға қарай отандық экономика өсімін 450 млрд долларға дейін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша Үкіметтің жоспарына қатысты сауалын жолдады.

Олжас Бектенов: «Еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, базалық сценарий бойынша ЖІӨ-нің жылдық өсімі орта есеппен 5,4 пайыз деңгейінде жоспарланған. Мұндай көрсеткішке қол жеткізілген жағдайда еліміздің ішкі жалпы өнімі 2025 жылғы $321 млрд-тан 2029 жылы 498 млрд долларға дейін өседі. Осылайша, Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін 450 млрд долларға дейін жеткізу міндеті орындалады», — деді.

Бірақ Үкімет өз жұмысында еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында көзделген жоғары міндеттер қойып отыр. Аталған құжатқа сәйкес, ЖІӨ-нің жылдық өсімі 5,6-ден 6,9 пайызға дейін болуы тиіс. Бұл – өте ауқымды міндет. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу үшін экономиканы әртараптандыру, оның күрделілігін арттыру, елімізде тереңдете өңделген өнім өндірісін ұйымдастыру, шикізатқа тәуелділіктен арылу бойынша белсенді жұмыс қажет.
Премьер-Министр: «Өздеріңіз білесіздер, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Сонымен қатар бұл өсімге мұнай өндіру көлемінің төмендеуі аясында қол жеткізілді. Өсім басқа да мұнайдан тыс салалар есебінен өсіп жатыр. Экономика ауыл шаруашылығы есебінен дамып келеді, ол 11,4 пайызға өсті. Көлік, сауда есебінен өсім 6 пайыздан жоғары көрсеткіш көрсетті. Құрылыс 10 пайыздан астам өсті. Осылайша, бұл салалардағы өсім жалпы экономиканың, ЖІӨ-нің өсімін қолдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жеткіліксіз, біз мұны түсінеміз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін тарту.

Өсу мүмкіндіктерінің бірі – инфрақұрылымға өте маңызды инвестицияларды көздейтін Ұлттық инфрақұрылымды дамыту жоспарын іске асыру болмақ. Сондай-ақ Президент Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу соңғы сатыда тұр», — деді.
Үкімет басшысының айтуынша, Ұлттық жобада 2029-2030 жылдарға дейін жалпы инвестиция көлемі шамамен 10 трлн теңге мөлшерінде қарастырылған. Жоба инженерлік инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартумен қатар, өздеріңіз білетіндей, бұл салада тозу көрсеткіші өте төмен, бұл – отандық бизнес үшін үлкен резерв. Ұлттық жобада барлық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді отандық кәсіпкерлерден басым түрде сатып алу көзделген.
«Осылайша, өршіл мақсаттарға жету үшін көп жұмыс қажет. Президенттің тапсырмасы сөзсіз орындалады», — деп атап өтті Премьер-министр.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:03
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
Бүгін, 13:00
Жастар неге үйленуге асықпайды?
15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды