jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Қазіргі салық жүйесі мемлекетке қажетті инвестиция көлемін қамтамасыз ете алмайды

28 қантар 2025, 12:32

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық саясатының жаңа бағытына тоқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкімет басшысы: «Бізде «даму бюджетінің» көлемі жеткіліксіз. Дамыған елдерде ол барлық мемлекеттік шығыстың 25 пайызына жетеді. Ал бізде – 8%. 26 трлн теңгеге жуық республикалық бюджеттің 2 трлн теңгесі ғана дамуға жұмсалады. Қалған ауқымды бөлігі — әлеуметтік шығыстар құрайтын ағымдағы бюджет.
Экономикалық дамудың негізі болатын электр және жылу энергетикасы, су шаруашылығы, газ тасымалдау жүйелері, жол, инженерлік желілер мен инфрақұрылым салаларына жеткілікті қаражат бөлінбей келеді. Даму институттары да қаржыландырумен толық қамтамасыз етілмей отыр», — деді.
Премьер-министрдің пікірінше, мұндай жағдайда өсімнің жоғары қарқынын тұрақты қамтамасыз ету өте қиын.

«Салық-бюджет жүйесін сауықтыру үшін кешенді шараларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі салық жүйесі мемлекетке қажетті инвестиция көлемін қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлерге қатысты да әділетсіз салық жүйесі ретінде қалыптасып отыр. Негізгі салық жүктемесі еңбекақы төлеу қорына, яғни тауардың өзіндік құнына түседі. Кәсіпкер тауар сөреге түспей тұрып, салықтың ауқымды бөлігін төлеуге мәжбүр болады. Үкімет салықты еңбекақыдан сатылымға қайта бөлуді қолдап отыр. Бұл біздің кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олар үшін қажетті қаржылық қор жасақтауға жол ашады. Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеменің азаюы бизнеске жұмысшылардың жалақысын көбейтуге мүмкіндік береді», — деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы бұл өзгерістерден кейін пайда болатын қосымша салық түсімдері экономикалық өсуді ынталандыруға, инфрақұрылымды озыңқы дамытуға, басым салалардағы перспективалы бизнес-жобаларды қолдауға бағытталатынын жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі