jasqazaq.kz

Олжас Бектенов инфрақұрылымның жылу беру маусымына дайындығын бақылауды тапсырды

25 маусым 2024, 10:51

Үкімет отырысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау тәуекелдері атап өтілді. Негізгі өңірлік жылу көздері бойынша мерзімдерді ауыстыру Екібастұз, Теміртау, Тараз, Жезқазғанда тіркелді.

«Биыл мамыр айының басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бердім. Алайда КЕГОК операторы бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесіне меншік иелерінің қалауы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отырады, — деді отырысқа қатысушылардың назарын аударған Олжас Бектенов. — Тек биылдың өзінде кестеге 18 рет жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің қатысуынсыз және келісімінсіз жасалды».

Осыған байланысты уақытылы жаңғырту және жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мәселесін бірінші вице-премьер Роман Склярдың жеке бақылауына алу тапсырылды. Проблемалық нысандарды аралау аясында Қарағанды облысына жұмыс сапары жасалды.

«Роман Васильевич, жергілікті жерлерде қажетті жедел шешімдер мен қатаң шаралар қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударыңыз», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі