jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Халық 50 жылдық газ баллонын әлі пайдаланып жүр

12 қараша 2024, 11:39

Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне газ баллондарының өндірісін жылдамдатып ұйымдастыруды тапсырды.

«Суық түскелі бері үйлерде газ баллондары жарылған 8 жағдай орын алды. Негізгі себеп – оларды пайдалану және сақтау талаптарын бұзу. Оның ішінде 50 жыл болған баллондар да бар. Қазіргі уақытта газ жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталуын бақылау әкімдіктерге жүктелген. Алайда жұмыс тиісті деңгейде емес.

Газ толтыру пункттерінің меншік иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың жарамдылық мерзімін тексеру туралы түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов газ баллондарының қауіпсіздігі жыл өткен сайын күрделеніп бара жатқанын атап өтті.

«Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын», — деді Премьер-министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі