jasqazaq.kz

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

06 желтоқсан 2024, 11:03

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Оның шеңберінде Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар басшылары баяндама жасады.
Сонымен қатар Комиссияға «Шар стансасы – Өскемен» теміржол желісі бойынша тасымалдау процесін қамтамасыз ететін «Dosjan Temir Joly» АҚ компаниясының қызметі туралы ақпарат берілді. Уәкілетті органдар компанияның монополиялық ережені пайдалана отырып, қызметтерге тарифтерді бірнеше рет негізсіз көтергенін анықтады, осыған байланысты Комиссия монополияға қарсы заңнаманы ескере отырып, тиісті тарифтік реттеуді енгізу туралы шешім қабылдады.
Комиссия «Шет-Энерго» ЖШС электр энергетикасын тарату компаниясының қызметін талдау нәтижелерімен танысты. Аталған компанияның тұрақты апатты жағдайларға жол беруіне байланысты, сондай-ақ өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін компанияның мүлкін мемлекет пайдасына реквизициялау мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар Комиссия «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясының, сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының, мұнай-химия кешені субъектісінің қызметіне қатысты мәселелерді қарады.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде