jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Бюджет қаржысымен жұмыс істейсің бе, қайда жұмсайтыныңды ашып көрсет

03 сәуiр 2025, 15:33

Бүгін Үкімет басшысы бюджет қаржысының мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерін және цифрлық теңгені енгізу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық теңге арқылы бюджет қаражатын жұмсаудың қадағалануын және тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарлары қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали цифрлық теңге жобасы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім салаларда сынақтан өтіп жатқанын айтты. Бүгінде барлығы 250 миллиардқа жуық цифрлық теңге айналымға енгізілген. Әзірлеушілер әр ақша бірлігіне бірегей цифрлық белгілерді байланыстыруды қарастырады, бұл қаражаттың бөлінуден бастап толық игерілуіне дейінгі барлық кезеңде қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. Аталған әдістің АӨК-тегі тиімділігі Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында қаралды. Арнайы бағдарламаланған цифрлық теңге фермерлердің мал басын сатып алуына несие беру кезінде пайдаланылды әрі жалған мәмілелер мүмкіндігін жойып, процестің толық ашық өтуін қамтамасыз етті.

Премьер-министр Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының ауқымын одан әрі кеңейтудің, сондай-ақ бюджет қаражатын біршама үнемдеуді қамтамасыз ететін цифрлық теңгені неғұрлым кеңінен пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Олжас Бектенов: «Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрлық теңге арқылы «ақшаны таңбалау және бояу» бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау тетігі болуы мүмкін.

Ұлттық банк қаржы жүйесін цифрлық трансформациялау бойынша басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ауқымды жұмыс атқаруда. Цифрлық теңгеге келетін болсақ, талқылаудың негізгі тақырыбы ретінде мен сіздердің барлық бастамаларыңызды қолдаймын. Цифрлық теңгені енгізу жаңа технологиялық ахуалды ескере отырып, қаржыландыру үдерістерін оңтайландыруға көмектесетініне назар аудару қажет.
Бизнес үдерістер де өзгеріп, ашық болуы керек. Кәсіпкерлерге қатысты мынадай қағиданы ұстанған жөн: бюджет ақшасымен жұмыс істесеңіз, ашық болыңыз. Оны қайда жұмсайтыныңызды және жеткізушілер мен мердігерлердің толық тізбегін ашып көрсетіңіз. Сондай-ақ цифрлық теңгенің пилоттық жобасын кеңейту қажет», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі