jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Баспана кезегінде тұрғын үйге шынымен мұқтаж азаматтар ғана болуы керек

10 желтоқсан 2024, 12:14

Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін өзектендіру мәселесіне назар аударды.

Үкімет басгысы: «Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек», — деді.

Премьер-Министр құрылыс саласында жаңа нысандар салу және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз еті бойынша үйлестірілген жұмыстың маңыздылығына тоқталып өтті. «Соңғы жылдары ереже талаптарының бұзылуына және құрылыс нысандарының уақытылы іске қосылмауына қатысты шағымдар саны көбейіп барады. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында құрылыс сапасына бақылауды күшейту, саланы цифрландыру, сәулеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені көзделді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі