jasqazaq.kz

Олжас Бектенов: Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту қажет

03 желтоқсан 2024, 12:24

Бүгін Үкімет отырысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері қаралды.

«Мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, 42 ауыл мектебі пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астам  пән кабинеті сатып алынды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы оқу-ағарту министрлігіне биыл жыл соңына дейін өңірлерге мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуды тапсырды. Онда білім ошақтарын күрделі жөндеу ғана емес, сондай-ақ пәндік сыныптармен жабдықтау мәселесі де қаралуы тиіс.

Бүгінгі күні үш ауысымда оқытатын мектептердің 57 пайызы ауылдық жерде – көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан. Апатты жағдайдағы мектептердің 76 пайызы — ауылда. Негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында.
Олжас Бектенов ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының, әсіресе, математика, физика және шет тілдері бойынша біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығынан туындаған алшақтықты қысқартудың маңыздылығына назар аударды.

Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай шалғай өңірлерді ерекше назарға ала отырып, ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетке қосуды аяқтау тапсырылды. Өңір әкімдіктеріне әртүрлі үйірмелер мен секциялардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін мектептен тыс ұйымдардың комьюнити-орталықтарын немесе филиалдарын ашу жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде