jasqazaq.kz

«Өлтіре алмадың». Руслан Берденов өзіне қалай қастандық жасалғанын сотта айтып берді

18 тамыз 2025, 13:56

Бүгін Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бұл жолы Берденовтың өзі онлайн режимде қатысып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Ол сотталушы Ернар Жиенбаймен үш рет, екі жиналыста және өзіне шабуыл жасалған күні кездескенін мәлімдеді. Өзінің айтуынша, алғашында кім атып жатқанын білмеген, бірақ Жиенбайдың қолындағы қаруды көрген.

«Мен автокөліктің ар жағына өтіп, отырып үлгердім. Бірінші оқ капоттан өтті. Артқы жақтан тағы төрт рет оқ атылды, төртеуі де маған тиді. Мен іштей «қазір орныңнан тұрмасаң, өлесің» дедім. Жиенбай екеуміз алыса кеттік, оның қолында қарудың жерге құлағанын естідім. Осыдан кейін ол қашуға әрекет жасады. Бірақ менің жүргізушім оны мәшинемен қақты. Ол кезде қолында қару жоқ болатын», — деді Руслан Берденов.

Бұдан кейін оның қасына қыздар жүгіріп келген, ал өзі тілін кәлимаға келтіре бастаған.

Сотталушы Берденовтен бірнеше рет кешірім сұрап: «Мен сізді өлтіру үшін осындай қатыгездік көрсеттім бе?» — деді. Оған Берденов: «Мен қарсылық көрсеткен соң өлтіре алмадың», — деп жауап берді. Ернар Жиенбай: «Мен түрмеден шыққан соң еркек сияқты алдыңызға келіп кешірім сұраймын», — деді. Берденов: «Егер сен еркек болсаң, лас әңгімеге әйеліңді араластырмас едің», — деп жауап берді.

Сондай-ақ ол  Жиенбайдың келіншегі Луиза Алданованы мүлде ттанымайтынын мәлімдеді:
«Ешқандай лайк, пікір болған жоқ, мен оны мүлде танымаймын. Оны полиграф арқылы растай аламын.
…Өз қолыңмен істеген ісің үшін өз басыңмен жауап беру қажет. Мен сіздің мақсатыңызды білемін. Әкең менің адвокатыма хабарласып, карьерама нүкте қоятынын айтып қорқытқан», – деді Берденов.
Оның пікірінше, қастандықтың себебін қызғаныштан көрсету жеңіл жазамен құтылып кетуді көздеген тәсіл.

Жәбірленушінің айтуынша, әлі күнге дейін оның денесінде 61 бытыра бар. Біреуі жүрегінен небәрі 13 см, тағы біреуі бауырынан 0,3 см, мойнындағы негізгі артериядан 0,2 см тұсында тұр. Дәрігерлер операция кезінде бауырын жаңадан қалпына келтіріп, өкпесінің 20 пайызын алып тастаған.

JQ-Aqparat

 Фото Ruslan Berdenov в Facebook

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті