jasqazaq.kz

Қолшатырды үй ішінде де ұстауға мәжбүр

19 мамыр 2016, 12:42

1

Тараздықтарды да толассыз жауған нөсер тығырыққа тіреді. Көп қабатты үйдің төбесінен аққан су жертөлеге бір-ақ түскен. Ал бұқараның ескі үйдің жыртығын өз беттерімен жамауға шамалары жетпей жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасың тілшісі хабарлады.

Жұрт тіпті пәтердің ішінде қолшатыр ұстап жүруге мәжбүр. Сорғалаған суды ыдысқа тосып алудан басқа амал жоқ. Баспанадағы дүние- мүліктің бәрі жарамсыз. Бұл жағдай жылда қайталанатын көрінеді. Бірақ биылғы жауынның зардабы орасан дейді тұрғындар. Олар тозығы жеткен ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап, екі жыл бұрын атқарушы билікке өтініш жазған. Оған елең еткен де тірі жан болмапты. Ал ақжағалылар нысанға термомодернизация бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізілмеуін ел қазынасынан ақша түспегендігімен түсіндіреді. Сол қаржының қашан аударылатынын шенеуніктер де білмейді. Сондықтан, тұрғындарға құдайдан ашық күнді тілеуден басқа амалы жоқ.

Ұлболсын Садықова, Тараз қалысының тұрғыны:

-Әрқашан сыз. Жаз болса тышқаны бар, масасы бар, бүргесі бар. Бүгін міне құбыр жарылды. Үйде тұру мүмкін емес. Киім, көрпе төсек ауыр бәрі сыз. КСК-ға ай сайын төлеп отырмыз. Ешқандай қарызымыз жоқ. Сонда да келесі жылы, арғы жылы дейді. Биыл тағы қалдық міне.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде