Олимпиада ойындарын таспаға түсіріп жатқан телекамера көпшілік халықтың үстіне құлап кетті. Одан үш бірдей адам жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты.
Қаладағы спорт кешендерінің бірінде аспалы панорамалық камераның темір арқаны босап кетіп, адамдардың үстіне түскен. Куәгерлер жарақат алған жандарды дәрігерлер санитарлық зембілмен алып кеткенін айтады. Жергілікті басылымдардың жазуынша, баскетбол аренасының маңында орналасқан мобильді камера Халықаралық Олимпиада комитетінің хабар тарату компаниясына тиесілі.