jasqazaq.kz

Олимпиада жеңімпаздары елге оралатын күн белгілі болды (ФОТО)

11 тамыз 2016, 17:14

20160811160801

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 15 және 20 тамызда Алматы әуежайына келеді. Бұл жайында Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жараспаев хабарлады.

200 метр қашықтықта брасс тәсілімен жүзу бойынша әлем чемпионы Дмитрий Баландин 14-інен 15 тамызға қараған түні 00:45-те келеді. Сол түні сағат 01:30-да Қазақстанның дзюдо құрамасы, күміс жүлде иегері Елдос Сметов (60 келі) және қола жүлдегер Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі) келеді.

20160811160627

20160811160616

Сонымен бірге, 20 тамызға қараған түні ауыр атлеттер командасы, Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов (77 кг), күміс жүлде иегері Жазира Жаппарқұл (69 келі) және қола жүлде алған Карина Горичева (63 келі) елге келеді.

20160811160620

20160811143427

Жақын арада төртжылдықтың басты тартысында қазақстандық ауыр атлеттер Денис Уланов (85 келі) пен Александр Зайчиков (105 келі), дзюдошы Маким Раков (100 келі), және боксшылар, жеңіл атлеттер, ескекшілер сайысқа түседі.

Айта кетейік, XXXI жазғы Олимпиада ойындарында 26 спорт түрі бойынша 104 спортшы Қазақстанның намысын қорғауда.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде