jasqazaq.kz

Олар Калачиден көшуден бас тартты

18 қыркүйек 2016, 15:42

Калачи жəне Красногорск ауылдарында қалған 136 отбасының көшкілері келмейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Ақмола облысы Есіл ауданының əкімі Аманбек Қалжанов айтты.

Əкімнің айтуынша, осы күні «ұйқы сырқаты» табылған əрі əлеуеті төмен Калачи жəне Красногорск елді мекендерінің тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру жұмыстары мəресіне жетіп отыр.

«Алғашқы рет «ұйқы ауруы» 2013 жылдың көктемінде тіркелді.  Содан бері көп адам осы дертке шалдығып, бірнеше зерттеулер жүргізілді. Алайда, одан еш нәтиже болмады. Сондықтан, облыс əкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына сәйкес біз аталған ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіруді қолға алдық.  Осы күнге дейін 78 отбасын облыстың əр ауданындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары өздеріне көшіріп алса, Жарқайың ауданының Державинск қаласына 39 отбасы, Есіл ауданының орталығы Есіл қаласына 97 отбасы (алғашында 43, кейін тағы 54 отбасы) қоныстандырылды.  Ал, Калачи ауылында қалған 108 отбасы мен Красногорск ауылында қалған 18 отбасына соңғы мерзім (барлығы 136 отбасы) 1-ші қыркүйекке дейін көшулеріне уақыт бердік.

Алайда, аталған отбасылар қоныс аударудан бас тартты. Біз əрине ешкімді күштеп көшіре алмаймыз. Сондықтан көшкілері  келмейтіндер ауылдарында қала береді. Ал, оларға арналған Есілдегі 20 пəтер жəне Державинскідегі 36 пәтерді енді үй кезегінде тұрған жетім балаларға беретін боламыз», деп атап өтті А.Қалжанов.

Аудан əкімінің айтуынша, көшуден бас тартқан Калачи жане Красногорск ауылдарының тұрғындарына қалай болғанда да əкімдік тарапынан жағдай жасалына бермек.

«Қазіргі кезде осы екі ауылда барлығы 23 бала бар болса, оның 20-ы Есілдегі мектеп интернатында білім алуда. Олар автобуспен тегін тасымалданады.  Ал, қалған 3 бала ауылда  оқиды. Сол үшін ауылда бастауыш мектептің  ұстап отырмыз», дей келе, Аманбек Қалжанов кейбір БАҚ-да айтылып жүрген «ұйқы ауруының» себебі анықталды деген мəліметтерді жоққа шығарып отыр.

«Калачи жəне Красногорск тұрғындарын алаңдатқан дерт туралы көптеген болжамдар айтылғанымен нақты зерттеу шешімі шыққан жоқ. Сол себепті дерттің адам денсаулығына тигізетін зияны мен алдағы уақытта да қайталанбайтынын да нақты айта алмаймыз. Кейбір БАҚ-да айтылып жүрген «Ұйқы ауруының» себебі анықталды» деген мəліметтер шындыққа жанаспайды», деп сөзін қорытындылады аудан əкімі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде