jasqazaq.kz

Олар қазақ тілін үйренуге уәде берген еді

19 қантар 2017, 17:02

Қазақтардың өзі қазақша үйренуге уәде беретін заман болды бұл. Кеше ғана ақпарат құралдары жап-жаңа Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің де осылай деп жар салғанын жарыса жазды. Оның тіпті «Мәскеуде бес жыл болып, ана тілімді ұмытып қалыппын дегені» жұрттың қытығына тиді.

Caravan.kz медиа-порталының тілшілері Сүлейменовке дейін осындай уәде берген танымал азаматтарды көрсетті.
Тимур Сүлейменов. Eurasiancommission.org фотосы

Тимур Сүлейменов. Eurasiancommission.org фотосы

Ғаламторды ақтарып отырып, кезінде басшылық қызметтегі біраз адамның қазақ тілін үйренемін деп айтқанын байқадық.

Берік Имашев

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2012 жылдың күзінде (ол кезде әділет министрі) қазақшаны жарты жылда үйренемін деп уәде беріпті. Сол уәдесінде тұрып, 2013 жылы ақпан айында Мәжілістің бір отырысында мемлекеттік тілде баяндама жасап, тіпті депутаттардың қазақша сұрақтарына ана тілінде мүдірмей жауап берген.

Берік Имашев. Ortcom.kz фотосы
Берік Имашев. Ortcom.kz фотосы

Нұралы Сәдуақасов

Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысының әкімі болып тұрған кезінде, яғни 2013 жылдың желтоқсан айында қазақ тілін үйренемін деп уәде берген. Бірақ оның осы қызметтен босатылғанға дейін қазақша қатырып сөйлегенін естімеппіз. Ол 2015 жылдың қыркүйегінде қоластындағылардың жемқорлық дауына іліккеніне байланысты өз еркімен әкімдіктен кетті. Сәдуақасов қазір бизнеспен айналысады.

Нұралы Сәдуақасов. Timeskz.kz фотосы
Нұралы Сәдуақасов. Timeskz.kz фотосы

Стефано Раваньян

Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян қазақ тілін үйренемін деп өткен жылдың сәуір айында уәде беріпті. Ол мұны Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуі кезінде айтқан. Өйткені сол кезде әкім тек қазақша сөйлеп, итальян тіліне орысшадан ғана аудара алатын тәржімашыға қиындық тудырды.

Стефано Раваньянның Нұрлан Ноғаевпен кездескен сәті
Стефано Раваньянның Нұрлан Ноғаевпен кездескен сәті. AтPress фотосы

Данияр Ақышев

2015 жылдың қарашасынан бері Ұлттық банктің төрағасы қызметін атқарып келе жатқан Данияр Ақышев былтыр маусым айында журналистерге «Келесі жылы қазақ тілінде толыққанды сұхбат бере бастаймын» деді. Оның сол уәдесін қаншалықты орындайтынын биыл білеміз.

Данияр Ақышев. Informburo.kz фотосы
Данияр Ақышев. Informburo.kz фотосы

Фархад Харки

Байқап қарасақ, әлгіндей уәдені тек шенеуніктер ғана бермепті. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері Фархад Харки де тіл білуге ниетті екен. Қытайдан келген ауыр атлет былтыр тамызда Ақтөбедегі бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйлық ретінде алып тұрып, қазақ тілін үйренуге уәде берген болатын.

Фархад Харки. Diapazon.kz фотосы
Фархад Харки. Diapazon.kz фотосы

Геннадий Колбин

1986-89 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болған Геннадий Колбин де осы қызметте отырған кезінде қазақ тілін үйренемін деп уәде берген еді. Алайда оның бұл уәдесін орындамаған күйі кеткенін көпшілік біледі.

Геннадий Колбин
Геннадий Колбин

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде