jasqazaq.kz

«Ол әйел кешірім сұрауға тұрмайды»: Кешегі такси жүргізуші өз ойын айтты

31 қантар 2024, 15:56

Кеше Қостанайда такси жүргізушісіне жала жаппақ болған әйелдің қылығы біраз адамды ойландырып тастады. Не үшін олай істеді? Мүмкін біздің елдегі такси жүргізушілерді әйелдерге тап беретін жабайы етіп көрсеткісі келген «грант алушы» шығар? Оны тексерген адам бар ма? Әйтпесе, болмашы нәрсеге адам өзін-өзі жұлмалап, тектен-текке жала жаба ма?! Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, үлкен резонанс тудырғаннан кейін сол үшін «сотқа берем» деп қоқан-лоққы көрсетуі де тегін емес. Ел-жұртқа масқара болғанында шаруасы жоқ, доқ көрсетіп әлек.

Бүгін әлгі әйел жала жапқан такси жүргізушісі өз жазбасын жариялады.

«Осы оқиғаға қатысты пікір білдірейін деп шештім. Ол келіншектің жақындарына бұл жағдайдың кесірінен буллинг жасалмауы керек. Оқиға 24 желтоқсанда болды. Әлеуметтік желіге тарап кеткенін қаламап едім. Видеоны кейбір таныстарыма жібергенмін, біреуі оны әлеуметтік желіге салыпты. Ешкімге өкпем жоқ, кешірім де сұрамаймын. Себебі ол әйел кешірім сұрауға тұрмайды. Менің арым таза. Айтайын дегенім: кез келген жағдайға дайын болыңыз», — дейді такси жүргізушісі.
Кеше бұл жігіт долданған әйелдің қылығын видеоға түсірмегенде, зорлық жасауға оқталмағанын дәлелдеуі қиын болар еді. Көпшіліктің «басы істеп кетті, бейнезжабаға түсіргені дұрыс болған» деп риза болып жатқаны содан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі