jasqazaq.kz

Оқуын тастаса да, грантты өтеуге міндетті

25 қараша 2023, 12:00

«Қаржы орталығы» АҚ грантта оқитын студенттердің міндеттерін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

Өздеріңіз білетіндей, грант түлектері үш жыл жұмыс істеуге немесе өзін оқытуға жұмсалған ақшаны қайтаруға міндетті.

Грантта толық оқымағандар және оқудан шығарылғандар не істеуі керек?

Мысалы, студент грантқа түсіп, 2023 жылдың қыркүйегінен оқи бастады, бірақ 2 айдан кейін ол мамандықтан бас тартуға шешім қабылдады.

Содан кейін ол 2023 жылы немесе сол оқу жылында басқа (ақылы) мамандыққа ауысып, білімін жалғастырады.

Бұл жағдайда студент университетті бітіргеннен кейін пропорционалды түрде жұмыс істеп, грантты өтейді. Яғни, грантта қанша уақыт оқыды, сонша жұмыс істейді.

Ал егер студент келесі оқу жылында (2024 жылдың қыркүйегінде) оқуға түссе, онда жұмыспен өтеу да мөлшерлес болып қалады.

«Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен өтеу ұзақтығы — үш жыл. Егер қандай да бір себептермен түлек грантты өтегісі келмесе немесе жұмыс істей алмаса, онда ол ақшаны мемлекетке қайтаруы керек» деп ескертеді орталықтан.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі