jasqazaq.kz

Оқушылар бір-бірін таптап кете жаздады: директор жұмыстан қуылды

28 ақпан 2024, 12:27

Фото: dache.pro

Алматыдағы мектептің бірінде оқушылардың киім алуға таласып, бір-бірін таптап кете жазылған бейнежазбасы жұрттың ашуын туғызды. Осыған орай Алматы қаласының білім басқармасы осындай оқиға орын алған №41 мектепке қатысты түсінік берді.

«Бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты 870 орын. Осы мектепте орын тапшылығы проблемасын шешу үшін 2023 жылы Самғау шағын ауданында 2000 орындық жайлы мектептің құрылысы басталған болатын. Ағымдағы жылдың 27 ақпанында екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі — осы күні оқушылардың киіну процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.

Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры атқаратын қызметінен босатылды».

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казахстан медиа (@qazaqstan_live)


JQ-Aqparat

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства