jasqazaq.kz

Оқушыға қырындап, басы бәлеге қалды

24 мамыр 2023, 15:28

Бүгін Алматы облысында 8 сынып оқушысына қырындап, құшақтап, сүйген мұғалімнің әрекеті туралы хабар тарады. Осы мәселеге қатысты әкімдік пікір білдірді.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында: «Аталған дерек бойынша қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Қазіргі уақытта Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы тарапынан дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар дене шынықтыру пән мұғалімі Еңбек кодекісінің 48-бабы 8-тармағы бойынша жұмыстан шеттетіледі», — делінген.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы мектепте болған: «Мектеп әкімшілігі шұғыл түрде мектеп психологын және оқушыны анасымен бірге, дене шынықтыру пәні мұғалімін шақырып, сөйлесу жұмыстарын жүргізген. Оқушының айтуынша, 2023 жылы 3 сәуір күні сабақтан тыс уақытта волейбол үйірмесіне келгенде өзіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қырындаған. Еркінен тыс қол жүгіртіп, құшақтап, бетінен сүйген. Осы кезде сыныптас құрбысы спортзалға кіріп, досының атын атап шақырған. Құрбысының даусын естіген сәтте И. мұғалімнің қолынан сытылып шығып, достарына қарай жүгіріп кеткен«,- делінген ведомствоның хабарламасында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі