jasqazaq.kz

Оқушыға 840 теңге, қаңғыбас итке одан бес есе көп ақша жұмсалады

21 қараша 2024, 15:43

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді. «Мұндай жануарларды уақытша изоляторда ұстауға неліктен 60 күн ақша жұмсау керек? Бізде оқушыларымызға жеткілікті деңгейде ақша бөлініп жатыр ма? Жоқ. Егер қателеспесем, 840 теңгедей ғана. Ал иттерге кейде одан да көп жұмсаймыз.
Мен миллиондаған иттің өмірі бір адамның өміріне татымайды деп есептеймін. Қалай айтсаңыз да, татымайды. Немесе жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, жұбатып көріңіздер. Шелекте, Шамалғанда қаңғыбас иттің дүкенге бара жатқан баланы тістеп тастаған оқиғасы болды. Барып, жұбатыңыздар немесе өтемақы төлеңіздер. Жануарларды қорғаушылардың ақшасы бар ғой, өтемақы төлеңіздер. Егер жануарларды көлік қағып кетсе, онда иесін жауапқа тартуға болады. Ал ит болса, онда жануарларды қорғау ұйымдар өтемақы төлесін», — деді ол.

JQ-Aqparat

Фото: atr.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі