jasqazaq.kz

Оқушы тісінің ауырғанына алаңдамайтын болды

20 мамыр 2025, 15:49

Оқушылар мен ата-ана үшін тамаша жаңалық: мыңнан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген министр былтыр оқушылардың 90 пайызы профилактикалық тексеруден өткеніне тоқталды. Соның нәтижесінде балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталған.

Кеңес дәуірінің мектебінен шыққандар біледі: жылына бір рет мектепке тіс дәрігерлері келіп, бүкіл баланың аузын ашып көретін. Содан кейін тіс жегісінен арылтқанша есіңнен тандырып емдейтін. Соның арқасында мектеп бітіргенше, қазіргі министр айтпақшы, оқушылар «стоматологиялық проблемадан» құтылатын.

Баяғыда ұмыт болған тәжірибенің қайта енгізілгені құптарлық іс. Бұл ата-ананың уақытынан бұрын ақшасын үнемдейді. Өйткені елімізде тіс емдетуге кез келгеннің шамасы келе бермейді. Ал тегін емдету деген түске де кірмеген!

Jas Qazaq

Фото: baq.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы