jasqazaq.kz

Оқушы қыздардың босануы жиілеген

16 қараша 2023, 9:58

Елімізде кейінгі бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың босануы 50,5% көбейді. Егер 2017 жылы осылай 3,4 мың бала туса, 2022 жылдың соңына қарай 5,2 мыңға жетіпті.
Ranking.kz-тің мәліметінше, пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсармаған.
«Бұл үрдісті түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдік жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады. Кәмелетке толмаған қыздарда жүктілікті жасанды тоқтату статистикасы соңғы жылдары аздап өзгерді, 12 айда 1,1–1,2 мың жағдай. Жалпы, статистика бойынша, 20 жасқа дейінгі аналардан туған балалардың үлесі аз: 3,3%. Былтыр 403,9 мың жаңа туған нәрестенің 13,2 мыңының анасы 20 жастан аспаған. Туған балалардың жартысынан көбі (55,9%) анағұрлым қолайлы репродуктивті жастағы — 25–35 жас аралығындағы әйелдерде дүниеге келген»
Аналитиктердің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда қала мен ауыл жасөспірімдерінің туу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, былтыр ірі елді мекендерде жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші 15–19 жас аралығындағы 1 мың қыз балаға шаққанда — 15,3, ауылдарда — 25,9. Бұл — Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштер.
Мәліметтерді өңірлер бойынша егжей-тегжейлі қарастырған кезде кейбір облыстарда ауылдық жерлердегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екені байқалады. Мысалы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында коэффициент 35-тен, Түркістан облысында 30-дан жоғары.
Алайда бұл өңірлердегі коэффициенттер ауылдарда ғана емес, қалаларда да жоғары. Дәл осы үш өңір — еліміздегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші бойынша көшбасшы. Экономикасы ең дамыған қалалар — Алматы (8,2) және Астанада (9,1) ерте туу азырақ кездеседі.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры