jasqazaq.kz

Оқу жылын 36 аптаға ұзартудың нәтижесі қандай?

15 мамыр 2023, 16:45

Орталық коммуникациялар қызметінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Кариноваға «Оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартудың нәтижесі қандай?» деген сұрақ қойылды.
«Оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған болатын. Бірақ оның қорытындысы туралы айтуға әзірше ерте деп ойлаймын. Өйткені оқу жылы әлі біткен жоқ. Біз білім сапасына қорытынды жасап, өлшейміз. Сондықтан нәтижесі туралы сәл кейінірек айтуға тура келеді. Жалпы мектептерде білім бағалау критерийлер бойынша бағалау негізінде іске асырылады. Бұл – мұғалім бағасы. Тоқсандық бағалауды да бақылап, электронды журналдардан көріп отырамыз, Сонымен бірге тәуелсіз бағалау бар. Бұл – оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізетін Қазақстаннан тыс бағалау. 11 мамырда бұл процедураны аяқтадық. Білім ұйымдарының 25 пайызы осы мониторингке қатысты. Жазда оның нәтижесін жариялаймыз», — деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ ол биыл «Жазғы мектеп» жобасына тоқталды.

«Жазғы мектептерді жүргізу коронавирус инфекциясымен байланысты шектеулерге байланысты қолға алынғанын білесіздер. Биыл 1 маусымнан бастап жазғы демалыс басталады. Мектептер мекттеп жанындағы алаңдар ашады. Мұнда негізінен бастауыш және орта буын сыныптарына арналады. Одан үлкен балалар да жазғы демалысты лагерьлерде де, мектеп жанындағы алаңдарда да өткізе алады», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде