jasqazaq.kz

Оқу жылы аяқталды: 217 мың оқушы мектеп бітірді

23 мамыр 2025, 11:12

Бүгін елдегі мектептерде «Білімім — Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Оқу-ағарту министрі мектеп оқушыларын 2024-2025 оқу жылынының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Ғани Бейсембаев: «Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш — 257 жаңа мектеп ашылды. Оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленіп, оның 41-і алтын медаль болды. Ел тарихында алғаш рет колледж студенттерінен құралған Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында зор табысқа жетіп, 7 медальон иеленді. Мұның барлығы — отандық білім беру жүйесіндегі жүйелі реформалар мен қажырлы еңбектің нақты жемісі», — деп атап өтті.
Ол ұстаздардың жетістіктеріне де тоқталды. Биыл білім беру саласында алғаш рет екі мұғалім — Гүлжанар Нұрпейісова мен Эльмара Траисова Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді.
Министр: «Сіздер – мектептің жүрегі, білім мен тәрбиенің алтын арқауысыздар. Академиялық біліммен қатар, шәкірттеріңізге ұлттық құндылықтарды дарытып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздерге өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі жанашырлықтарыңыз, ұстаздық миссияға деген адалдықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді.
Сөз соңында министр ата-анаға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, 217 мың мектеп бітіруші мен 173 мың колледж түлегіне сәттілік тіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы