jasqazaq.kz

Ойыннан өрт шықты. БҚО-да капотқа мініп сырғанаған қыз қаза болды (Видео)

08 қантар 2024, 11:11

Батыс Қазақстан облысының Ветелки ауылында жасөспірімдердің қауіпті ойынының соңы қайғылы оқиғаға алып келді. Көлік тізгініне отырған кәмелетке толмаған азамат ескі көлік капотын өз көлігіне тросс арқылы жалғап, қызды қар үстінде алып сырғанатқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“5 қаңтар күні сағат 23:41-де полицияға 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгені, ол есін жимай қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер қыз бен оның достары көлікке ескі капотты жалғап, үстіне мініп сырғанағанын анықтады. Сырғанап бара жатқан кезінде қыз газ тірегіне соғылған”, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Ол есін жимастан қайтыс болған.
Сондай-ақ полицейлер Орал қалалық ішкі істер бөліміне екі көліктің жеткізілгенін хабарлады. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PoliceWestKZ (@policebqo)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі