jasqazaq.kz

«Ойыңа келгенін істей алмайсың». Блогер Daricorn полицияның құрығынан құтыла алмады (Видео)

22 сәуiр 2025, 14:52

Сурет: instagram.com/daricorn.rr

Алматы полициясы интернет-кеңістігін талдау барысында блогер Дариға Нұркееваның (Daricorn) жол қозғалысы ережесін қасақана әрі өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Құтырынған қыз сигнал бермей, оқыстан қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған.

Полиция хабарламасында: «Тергеу қорытындысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген.

Полиция мұндай бейбастақ әрекет жай ғана жауапсыздық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру екенін еске салды. Жол ережесіне пысқырмай «құтыратындар» әлеуметтік желідегі лайк пен қаралым үшін осындай қадамға баратыны белгілі.

Алматы полициясы заң бұзушылық бар әрбір видеоға реакция болатынын, «бәріне рұқсат» деп хайп жасау әрекеті қатаң құқықтық бағаға ие болатынын ескертеді.

@jasqazaq_news Алматы полициясы интернет-кеңістігін талдау барысында блогер Дариға Нұркееваның (Daricorn) жол қозғалысы ережесін қасақана әрі өрескел бұзғанын анықтады Полиция мұндай бейбастақ әрекет жай ғана жауапсыздық емес, басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру екенін еске салды. Жол ережесіне пысқырмай «құтыратындар» әлеуметтік желідегі лайк пен қаралым үшін осындай қадамға баратыны белгілі. #Daricorn ♬ оригинальный звук — JasQazaq

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі