jasqazaq.kz

Облыс орталығында «KOSTANAY URBAN FEST» көше мәдениеті фестивалі өтеді.

16 тамыз 2025, 17:13

16–17 тамыз күндері Қостанайда қала күніне арналған ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін орталық алаңдарда ондаған мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары ұсынылады.
16 тамыз күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Триатлон паркінде өтетін «KOSTANAY URBAN FEST» көше мәдениеті мен экстремалды спорт фестивалі мерекелік бағдарламаның негізгі оқиғасы болмақ. Оның аясында паркур, скейтбординг, BMX, кикскутер, агрессивті ролик, брейк-данс, воркаут, баскетбол (3х3 форматы) және дәлдікке лақтыру бойынша шеберлік сабақтары мен жарыстар ұйымдастырылады. Шараның шарықтау шегі – облыстың ең күшті азаматын анықтайтын «Қажымұқан жолы» күш көрсетілімдері болмақ.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, фестивальдің басты қонағы – әлем рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабына жеті мәрте енген, ҚР Туризм және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цирульников. Бұл шара фестивальдің спортты, шеберлікті және көрнекілікті тоғыстырған ауқымды алаң ретіндегі мәртебесін айқындайды.
Сонымен қатар, мереке аясында дәстүрлі ұлттық спорт түрі – «Қазақ күресі» бойынша жарыстар өтеді. Жеңімпазға «Түйе палуан» атағы табысталып, жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды.
Кешкі уақытта қонақтарды мерекелік іс-шаралар күтіп тұр: халықаралық «Алтын микрофон» байқауының гала-концерті мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі, сондай-ақ вокалдық топ Mezzo, ансамбль, RINGO тобы және әнші Sadraddin өнер көрсетеді.
Кештің соңы алматылық белгілі диджей AKHMETOFF-тың дискотекасымен және сағат 23:00-де өтетін мерекелік отшашумен аяқталады.
Мерекелік бағдарлама 17 тамыз күні Сити-орталықта таңғы 8:00-де басталатын дәстүрлі «Kostanay Half Marathon» жартылай марафонымен жалғасады.

Осылайша, облыс орталығындағы мерекелік бағдарлама қазіргі заманғы жастар жобалары мен спорттық жарыстарды, концерттер мен фестивальдерді, халықтық қолөнер дәстүрлерін қамти отырып, жан-жақты мазмұнға ие. Барлық іс-шаралар тұрғындар мен қонақтарға жарқын әсер сыйлауды, бірлік пен ынтымақ атмосферасын қалыптастыруды және өңірдің мәдени әрі шығармашылық әлеуетін паш етуді мақсат етеді.
JQ-Aqparat
Сурет: Қостанай облысы әкімдігі

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции