
Алматыдағы «Car City» дүкені маңындағы тұрақта апатты жағдайда тұрған элиталы BMW Х5 көлігі қоқыс салатын жәшікке айналды. Автокөліктің нөмірі мен алдыңғы фарлары және терезелері жоқ. Оның тек қаңқасы мен дөңгелектері ғана сақталған. Сол маңайдың адамдары темір тұлпарды қоқыс жәшігіне айналдырған .
Бұл көліктің суреті Инстаграм желісінің zhest_kz парақшасында жарияланды. Желі қолданушылардың бірі бұл көліктің сол маңда тұрғанына төрт жыл болып, тіпті нөмірі Астана қаласына тиесілі болғанын жазды.