jasqazaq.kz

Оқушыларды улаған кәсіпкер рақымшылыққа ілінді

21 қантар 2017, 9:19

Семей қаласының №2 соты асханадағы тамақтан уланып, 74 оқушыға аллергиялық бөртпе шығуына айыпты болған кәсіпкер Шахантаеваға қатысты қылмыстық қуғындауды тоқтатты.

Ол «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес рақымшылыққа ілінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соттың анықтауынша, 2016 жылы 23-ақпанда М.Шахантаева жеке кәсіпкер ретінде тендерді жеңіп алған және №47 мектеп асханасында оқушылар тағамын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда кәсіпкер мен Семей қаласының білім беру бөлімінің арасында келісімшарт бекітілген. 5-8 наурыз күндері мектеп асханасынан тамақтанған 5-7 сыныпта оқитын 74 оқушы дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Науқастардың жағдайына денсаулыққа жеңіл залал келді деген баға берілді», — делінген №2 қалалық соттың баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Сот қаулысымен М.Шахантаеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды және «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 2-бабы, 1-бөлімі негізінде сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңдық күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде