jasqazaq.kz

Оқушылар ұстазынан құтқаруды сұрап прокуратураға хат жазды

20 сәуiр 2017, 9:00

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары облыстық прокуратураның ресми сайтына мұғалімнің атына шағым жазған.

Мақтарал ауданына қарасты Сәтпаев орта мектебінде оқитын жасөспірімдер Сәбит есімді дене шынықтыру пәнінің мұғалімін оқушыларды оқытудың орнына таяқтың астына алатынын айтыпты.

«Атакент кентіндегі Сәтпаев мектебінің оқушыларынан хат. Біздің сізге хат жазуымыздың себебі, дене шынықтыру пәнінің Сәбит есімді мұғалімі бізге білім берудің орнына бізді қинайды, біз оның бокшы екенін түсінеміз, бірақ біз оның ұрып соғатын қап емеспіз ғой. Біз оның ұрып соққанынан әбден шаршадық. Күні кеше ғана 9 сыныптың оқушысы соның соққысынан басынан жарақат алып, емханаға барды», – деп жазылған арызда.

ҚазАқпарат хабарлағандай, осы мәселеге орай Мақтарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері аудандық білім бөліміне тексеру қажеттігі тапсырма берілгенін хабарлады. Сондай-ақ қадағалаушы орган өкілдері бүгінгі күннен бастап өздері де оқушылармен жолығып, мәселенің жан-жақты анықталатынын мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде