jasqazaq.kz

Оқушыларға хиджаб киюге тыйым салынды

19 қазан 2016, 15:21

68763_b0

Бүгін еліміздің  үш: білім және ғылым, әділет, дін және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, діни рәсімдегі киімдерді мектепке киюге тыйым салынғандығын түсіндірді.

Биыл 4761 мектепте 2 млн-нан астам оқушы бекітілген мектеп формасын кийіп жүр.

«Білім министрлігіне ата-аналар комитетінен діни рәсімдегі киімдерді киюге қатысты 5 мыңнан астам өтініш түсіпті. Бұрын мұндай жағдай қатты шиеленіс тудырмаған. Сондықтан, бүгін барлық сұраққа жауап беріп, бұл мәселенің шешімін шығардық», – деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен мектеп формасының бірыңғай ережесін енгізілді: пиджак, кеудеше, жейде, шалбар, классикалық жейде (қыс кезінде қалың кеудеше, сарафан) киюге керек.

«Діни ерекшелігі бар киім, орамал, хиджаб және т.б. киюге жол берілмейді және бұған дейін де тыйым салынған. Заңнаманың нормалары барлық ұлтқа ортақ. Діни киімді тек білім мекемесінде киюге болмайды. Оның сыртынан тыс жерде не кисе де өз еркі. Олардың діни көзқарасына шектеу жоқ», – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі.

Егер бала мектепке діни киіммен келсе, онда ол мектепке кіре алады. Бірақ артынша баланың киімін шешу үшін ата-анасы мектепке шақырылады.

«Баланы қумаймыз. Бірақ діни киімді шешу үшін ата-анасын шақырамыз. Ешкім баланың киімін күштеп шеше алмайды. Мұндай киіммен бала бірнеше рет келсе, ата-анасы құлақ аспаса, онда ол есік алдында ата-анасын күтіп тұруға мәжбүр болады. Әзірге «баламды мектепке кіргізбеді» деген шағым түскен жоқ. Біз оқушы құқығын бұзбаймыз. Бірақ олардың да ережені бұзуына жол бермейміз. Ата-анасын күтеміз», – деп толықтырды Э. Суханбердиева.

bnews.kz

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі