jasqazaq.kz

Оңтүстік Корея президентінің бұрынғы екі көмекшісі тұтқындалды

06 қараша 2016, 18:11

koreya

Президент Пак Кын Хенің екі бұрынғы көмекшісі бопсалау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және құпия деректерді тарату бойынша айыпталуда. Үшінші бұрынғы қызметкер тергеуге шақырылды, деп хабарлайды dw.com. Оңтүстік Корея прокуратурасы саяси дай-дамайға ұшыраған ел президенті Пак Кын Хенің бұрынғы көмекшілерін тұтқындау туралы ордер берді. Саясатты үйлестіру бойынша бұрынғы жауапты хатшы Ан Чон Бом және президенттің тағы бір көмекшісі Чон Хо Сон қамауға алынды. Бұрынғы әкімшілік қызметкерлері бопсалау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және құпия деректерді тарату бойынша айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, Пак Кын Хе ешқандай ресми лауазымы жоқ құрбысының ықпалында болған, құрбысы оның сөйлейтін сөзін түзеген, құпия құжаттармен жұмыс істеген және үкіметтік емес ұйымдардың қызметі үшін миллиондаған долларға ие болған. 5 қараша күні Сеулде он мыңдаған адам ереуілге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Бір күн бұрын Пак Кын Хе болған іс үшін кешірім сұрап, тергеуге көмектесетінін айтып халыққа үндеу жолдады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде