jasqazaq.kz

Оңтүстік Қазақстанда жыл басталғалы 100-ге жуық оқушы жүкті болған

12 мамыр 2016, 19:30

1442221263_v-kamishine-zaderjan-podozrevaemiy

Ағымдағы жылдың басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ге жуық жеткіншек қыз жүкті болып қалған. Облыстық білім басқармасының басшысы Қуандық Құлажановтың айтуынша, аяғы ауыр қыздардың дені жетім немесе ата-ана қамқорынсыз өскен көрінеді. Бұл жайында жергілікті TVK телеарнасының тілшілері хабарлап отыр.

«Мұндай проблеманың бар екені жасырын емес. Оған тек мұғалімдер емес, ата-ана да кінәлі. Биыл біздің өңірде 93 мектеп жасындағы қыз жүкті болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Мәселе өзекті, басты назарда, сондықтан мектептерде жиі мониторинг жүргіземіз. Жүкті болған қыздардың көбі жетім немесе жартылай жетім өскендер. Біз арнайы бағдарлама әзірлеп, оның аясында тәртібі қиын оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейміз. Әрине, мұғалімдерден бар кінәні алып тастамаймын, бірақ негізінен ата-ана да кінәлі. Өйткені, тәрбиенің көбі солардан келеді» дейді Қ.Құлажанов.

Естеріңізге салайық, 2015 жылдың шілдесінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының өкілі Бексұлтан Тұтқышев ОҚО-да 12 жасқа толмаған 300 қыздың жүкті болып қалғанын айтқан еді. Алайда, араға бір күн салып журналистерге сұхбат берген білім басқармасының басшылығы Тұтқышевтің келтірген деректерінің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Осы ретте айта кету керек, былтыр ОҚО-да барлығы 840 жеткіншек қыз жүкті болып қалған. Бұл еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде