
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Су жаңа әкімді оңтүстікқазақстандық жұртшылыққа үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Өңірге Сағынтаевпен бірге Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков те келген.
Жансейіт Түймебаев 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан билігінің тізгінін ұстаған Бейбіт Атамқұловтың орынтағынан кететіні хабарланған.