jasqazaq.kz

О дүниелік 15 мың адам «үй кезегінде тұрған»

08 тамыз 2023, 13:48

Елімізде 15,6 мың адам қайтыс болса да, баспана кезегінде тұрған. Мұны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлімдеді.

«Индустрия және нфрақұрылымдық даму министрлігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өзара іс-қимыл аясында тұрғын үйге мұқтаж ретінде қолданыстағы кезек тізімінде тұрған азаматтардың заң талаптарына сәйкестігін саралады. Аталған сараптама деректеріне сәйкес, мынадай келеңсіздіктер анықталды: кезекте тұрған 96,1 мың адамның соңғы 5 жылда баспанасы болған; 533 адамның Қазақстан азаматтығы жоқ; 91,4 мың адамның тіркелген жері кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді; 29 мың адам тұрғылықты жеріне тіркелмей кезекке тұрған; 15,6 мың адам базаларда қайтыс болған ретінде көрсетілген. Жалпы, 647 мыңға жуық кезекте тұрған адамның 232 мыңы заңнама талаптарына мүлем сай келмейді және алдын ала мәліметтер негізінде кезектен алынуы қажет», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Алдағы уақытта әкімдіктер заңнама талаптарына сай келмейтін азаматтарды кезектен алып тастау жұмысын бастайды.
«Соның арқасында нағыз мұқтаж азаматтардың кезегі жылжиды. Әділетті қоғам құру үшін мемлекет көмегін нағыз мұқтаж адамдарға көрсету өте маңызды. Сондықтан да, тұрғын үй кезегінде тек мұқтаж азамттар тұруы тиіс», — деді Бауыржан Қабдол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі