jasqazaq.kz

“Оңай” картасы иелері ақшалай ұтыстарға қол жеткізе алады

08 қыркүйек 2016, 14:57

 

onaj

Картаны жиі пайдаланып, шотты 2-3 мыңнан аса теңгеге толтыратындарға жағымды хабар. Енді “Оңай” картасының иелері оңай олжаға қол жеткізе алады. Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлады.

Алматы қаласының көлік холдингі карта иегерлеріне апта сайын ақша таратады. Алайда, ол үшін картаңызды www.onay.kz сайтында тіркеуіңіз қажет. Тоғыз апта жалғасатын акцияда, апта сайын – үш адам 10 мың, бес адамға – 5 мың, жүз адам – 2000 теңге ұтып алады. Оған қоса, оқу орталықтарына арнайы сертификаттар таратылады. Ал 2017 жылдан бастап “Оңай” төлем жүйесіне өзге де өзгерістер енгізіледі.

“Алматыда жолаушыларға ыңғайлы болу үшін “Жолақы” тарифі енгізіледі. Оны “Оңай” картасының балансын толтыру кезінде іске қосуға болады. Өзіне ыңғайлы тарифтің құнын төлеген пайдаланушы қаладағы қоғамдық көліктермен жүрген әр сапарында бір ғана картаны қолдануы керек. 2016 жылдың 1 қазанынан бастап, ескі үлгідегі “Оңай” картасын шығару тоқтатылады. Алайда бұрын сатып алған ескі үлгідегі картаны 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалануға, толтыруға болады”, – деді “Оңай” электронды билеттеу жүйесі операторының баспасөз хатшысы, Эльмира Киргеева.

 

Караван.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде