jasqazaq.kz

Нұржан Нұржігітов: Ресей Жайықтан алатын үлесіміздің 50 пайызын ғана беріп келді

12 мамыр 2025, 11:49

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілістегі Үкімет сағатында Жайықтың суын Ресеймен бірлесіп пайдалану келісімдерінің жай-күйін баяндады.

— 2023 жылдан бері трансшекаралық өзендердің мәселесіне арналған 80-нен астам кездесу өткізсек, соның 22-сі Ресей тарабымен жүрді. 2016 жылы сол кездегі Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресейлік әріптестерімен арнайы келісімшартқа қол қойған. 2019 және 2024 жылдары осы келісімшарттың мерзімін ұзарту бойынша келісімдер жасалды. Бірақ 18 тармақтан тұратын келісімшарттағы мәселенің бәрі экологияға ғана байланысты болған. 2024 жылдың желтоқсан айында осы келісімшартты тағы 5 жылға ұзарттық, — деді ол депутат сауалына жауап бере отырып.

Айтуынша, Ресей тарабы кей жылы Қазақстанға тиесілі судың тең жартысын беріп келген.

— Су көлеміне келсек, 2019 жылы Жайық өзенінен ең төмен көлемде су берілген. Жалпы келісім бойынша жыл сайын ең кем дегенде 7,8 млрд текше метр су алуымыз керек. Ал 2019 жылы 3,5 млрд текше метр ғана су алдық. Сондықтан мемлекет басшылары тапсырма беріп, арнайы жол картасы әзірленген. Жол картасының аясында Жайықтың бойындағы су қоймалары мен бөгеттерін түгендеу керек. Ол жол картасының да мерзімі ұзартылды, — деді министр.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі