jasqazaq.kz

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты, белгілі журналист: Ақпарат қауіпсіздігі мәселесін үнемі жадымызда ұстауымыз керек

04 сәуiр 2023, 13:06

Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан қорғауды да, қолдауды да қажет етеді. Бес мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы бар елдің медиа кеңістігі мықты болғанда ғана Тәуелсіздік тұрлаулы бола түседі.

Қазіргі уақытта Қазақстан медиа саласының алдында БАҚ пен бұқаралық коммуникацияларды дамыту мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Сол себепті де ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және қоғамның БАҚ-қа деген сенімін арттыру өте маңызды деп есептеймін.
Қолыңды тоныңның жеңіне сұққанша жалмаңдап келген жаһандану процесі ешқашан тоқтамайды. Бұл бірінші кезекте ақпарат саласына тікелей әсер етеді. Технологиялардың қарқынды дамуы, цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық құралдардың өмірімізге жаппай енуі қазіргі медиа кеңістікті ғана емес, адамдардың санасы мен түсінігін де түбегейлі өзгертті.

Қазақстан ақпарат кеңістігі үш нәрсеге тәуелді.

Біріншісі – рейтинг жинау деген мәселе.
Екіншісі – сыртқы ақпарат тасқыны.
Үшіншісі – қаражат.

Қазір рейтинг қуу жарысы жүріп жатыр. Соның салдарынан ұлттық құндылықтар көбінесе ұмыт қалады. Телевизия, сайт, сонымен қатарлы дәстүрлі БАҚ та рейтинг көтеру соңына түсіп кетті.
Бұдан шығатын жол бар ма? Бар. Барлық рейтинг не үшін жасалады? Қаржы, жарнама тарту үшін. Қазақстанда жарнаманы мемлекеттік тілде беру мәселесі қанша рет көтерілсе де шешілмей келеді. Егер осы мәселе шешілсе, рейтинг соңына түсу азаяды.

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы көптеген жаңа байланыс арнасын ашты. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер тұтынушыға ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік беріп отыр. Медиа нарықта түрлі жаңа бағыт пайда болды. Ақпарат алмасу үдерісі жылдам өзгеріп жатыр. Біздің ел сыртқы ақпарат тасқыны астында қалып жатқан жағдайы да бар.

Сыртқы ақпаратқа тәуелділік. Өкінішке орай, біз көп жағдайда Ресей ақпарат көздерінің материалдарын аударып жариялаумен шектеліп отырмыз. Тікелей не жанама түрінде болса да негізінен ресейлік дерек көздерін пайдаланудан аса алмай отырмыз. Бұдан құтылудың жолы бар ма? Бар. Қазақ журналистері қазақ тілін жетік білумен қатар, түрік, ағылшын, қытай, жапон араб тілдерін жақсылап игеруі керек.

Қаражат. Дәстүрлі БАҚ өз қаражатын мемлекеттік тапсырыс арқылы қалыптастырады. Бүгінде редакциялардың жағдайы нашарлады. Тираж жылдан жылға кеміп келеді. Қаламақы төлеу, іссапар шығындарын жабу, қағаз шығындарын өтеу, тасымал тағы басқа мәселелер өткір тұр. Кедендік одаққа мүше болсақ та қағаз құны жыл сайын қымбаттайды. Кеңес кезінде редакциялық қор – «редакционның фонд» деген болатын. Осы жоғалды. Қазір көптеген ақпарат құралы ЖШС-ға айналды. Елімізде Акционерлік қоғам туралы, ЖШС туралы заңдар бар. Меншік түріне қарамай, Редакциялық қор ұғымын заңдастыру керек. Сонда ғана редакциялар өз қызметін реттей алады. Журналистерге сыйақы беру, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Бұл үшін Журналист мәртебесі «БАҚ туралы» заңда анықталуы тиіс.

Мессенджерлердің дамуына, блогерлік феноменнің пайда болуына орай, дәстүрлі журналистиканың классикалық ұғымы мен аудиторияға ақпарат беру әдістері өзгерді. Жұрт «қазір және осы жерде» болып жатқан оқиғаларға баса назар аударатын болды. Ақпарат тұтынудағы құбылыс журналистерден жедел әрі объективті ақпарат беруді және өз аудиториясын ұстап тұру үшін басқа да жаңа дағдыларды үйренуді талап етеді.

Мемлекеттік тілдегі контентті көбейту мен күшейту өте өзекті мәcеле. Мемлекет басшысы жақында Ақпараттық доктринаға қол қойды. Бұл құжат біз үшін маңызды. Ішінде бірталай жақсы нәрсе бар. Қалай болғанда да, біз ақпараттық қауіпсіздік мәселесін үнемі жадымызда ұстап отыруымыз керек.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата