jasqazaq.kz

Нұртөре Жүсіп: Еріктілер еліміздің ғана емес, адамзаттың дамуына үлес қосуда

20 маусым 2023, 15:04

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Астанада өтіп жатқан халықаралық еріктілер форумына қатысты.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде еріктілер Қазақстанның дамуына ғана емес, барша адамзаттың өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілер қозғалысын дамытуға ерекше назар аударып отырғанын еске сала келіп, 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланғанын атап өтті.

«Қазақстан еріктілер қозғалысын халықаралық деңгейде дамыту жөнінде жаңа бастамалар көтеріп келеді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылы ретінде жариялауды ұсынған болатын. Осыған байланысты Қазақстан мен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы бірлесіп арнайы «Жол картасын» әзірледі. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстанның бастамасымен елімізде алғаш рет Орталық Азия еріктілерінің форумы өтті, онда өңірдегі Волонтерлік қызметті дамыту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды», — деді сенатор.

Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 30-дан астам елінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен делегаттар келген болатын. Шараға барлығы 400-ге жуық адам қатысуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі